Астанада және жалпы Қазақстанда тұтынушылық нсеиелеу халықтың жоғары қызығушылығын тудырады. Несиелік өнімдері күтілімдер мен қажеттіліктердің түрлі деңгейіне ие қарызгерлерге бағытталған еліміздің көпшілік банктері әлеуетті клиенттерге қарыз алу ұсынысымен шығады.
Тұтынушылық несиелеу — тиімді шешімді қалай табуға болады?
Бастапқы жарна, табыс туралы анықтама, кепілмен қамтамасыз ету — мұның барлығы несиенің ізденушісіне қосымша кедергілер тудырады және құжат жинау үшін уақыт сарыптауға мәжбүрлейді. Алайда, артық бюрократтық қиындықтар мен шектеулерсіз ақша алуға мүмкіндік беретін балама және жай шешімдер де бар. Қарызгер үшін тұтынушылық несиенің пайдасын банктің пайызы мен комиссиясы анықтайды. Кейбір жағдайларда кепілдіктер мен қамтамасыз етуді іздеу қажеттілігін болдырмайтын қолжетімді ұсыныс табудың мәні әлдеқайда маңызды. Міне, сондықтан келесілерді ұсынатын Қазақстан банктерінің (Астанада және басқа қалаларда) бағдарламалары тұтынушылық мүддені жоғалтпайды:- бастапқы жарнасыз несие (жоғары лимитпен, ауыртпалық салатын қаржы кепілдіктерінсіз);
- төлемге қабілеттілік деңгейін растайтын табысы туралы анықтамалықтарсыз несиелер;
- қосымша қызметтер үшін комиссиясыз несиелер (ұзарту, қайта құрылымдау, мерзімінен бұрын өтеу және т.б.).
Жарнасыз несиелер