Жастарға кішігірім ақшаны борышқа алу қаншалықты қиын екенін түсіну үшін, қаржы қызметі нарығында жұмыс істейтін құрылымдардың жиырма шақты ұсынысын зерделеп шығудың өзі жеткілікті. Ақшалай қарыз құрылымында барлық ықтимал тәуекелдер ескеріледі. Студенттерге кішігірім ақша сомасын алу үшін шартты шұғыл рәсімдеу өте қиынға соғады. Өйткені Астанада және бүкіл Қазақстан бойынша банкирлердің осындай тұлғалармен ынтымақтасуға зауқы соға бермейді. Әдетте, мәмілелерге қарызгер үшін тиімсіз, қомақты пайыздар негізінде қол қойылады. Қаржыгерлердің шарт жасау алдында міндетті түрде кепіл қоюын талап ететін жағдайлар да ұшырасады.
Жеке тұлғаның мәселелерін шешу
Ресурс мамандары тұрақты негізде еліміздің нарығындағы ағымдағы жағдайдың мониторингімен шұғылданады. Объективті талдаудан соң, қарыз ақшаны нотариус арқылы рәсімдеу шешімі студент жастар үшін үздік шешім болып табылады деп тұжырымдауға болады. Неліктен тілхатпен жеке қарыз беру тиімділігі себептерінің бірнеше тармағын негіздеп көрейік:- әрбір нсеие беруші өз әріптестерімен өзара қарым-қатынаста барынша аз формальдылықты ұстанады;
- қарқынды дамып келе жатқан нарық сегменті нотариалдық куәландырылған нсеиені арзан рәсімдеуге мүмкіндік береді;
- әрқашан нотариуста куәландырылған қарызды ұзарту мүмкіндігі бар;
- дұрыс рәсімделген нотариалдық қарыз тапсырыс беруші жастардың өзіне қабылдаған міндеттемелерін уақтылы орындауына деген ізгі қатынасына күмән келтіруге жол бермейді.
Нотариус арқылы шағын несие беру